Негізгі / Жаңалықтар / «Егеуқұйрық». «Мәстек ой»...

«Егеуқұйрық». «Мәстек ой»...

 Австрияның Браунау қаласы мэрінің орынбасары және әсіре оңшыл Австрия еркіндік партиясының мүшесі Кристиан Шильхер қызметінен де, партиясынан да кетті. Себебі мигранттарды егеуқұйрыққа теңеп, өлең жазған. Австрияның федералды канцлері Себастьян Курц Шильхердің отставкасы бұл жағдайда жасалар жалғыз қадам екенін мәлімдеген. Оның өлеңін канцлер жексұрын, адамдықтан жұрдай, Австрияда жоқ нәсілшіл рухта жазылған деп сипаттаған. Австрияның мигранттарға өте қатал қарайтыны белгілі. Бірақ адамды қорлап сөйлеуге, кемсітіп, хайуанға теңеуге жол бермейтінін көрсеткісі келгендей.  

«Ерттеп мініп ергежейлі беделін,

отырады мәстек ойын мәпелеп» деген жолдар бар Темірхан ақынның, Темірхан Медетбектің өлеңінде:

«Керек емес –

оған көктем бүртігі,

керек емес –

оған ел мен жұрт үні.

Қыбыр-қыбыр

қыбыр-қыбыр...күн-түні.

Неткен оның тойымсыз ед құлқыны», - дейді. Бір жүйеде шенеунік егеуқұйрықпен параллель жүргізгені үшін қызметінен кетеді. Бір жүйеде мәстек ойын мәпелегендер жүре береді...