Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының тек 5-уі ғана өзін-өзі қаржыландыруға көшкен. Тағы 27 білім ошағын осы жүйеге өткізу жоспарланып отыр. Бірақ, бұл көңіл көншітпейді. Алматыда өткен «NUR OTAN» партиясы жанынан құрылған арнайы комиссия отырысына жиналғандар осылай деді. Жиынға Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен ЖОО басшылары қатысты. Оқу орындарын коммерциялық емес акционерлік ұйымға айналдыру ісі үш жылдық білім беру мемлекеттік бағдарламасы және «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында биыл аяқталуы керек. Қазір ел аумағында 125 жоғары білім беретін оқу орыны бар. Елбасының Ұлт жоспарын іске асырудың 78 қадамына сәйкес білім ошақтары академиялық және басқарушылық дербестікке қол жеткізуі тиіс. Оның негізгі мақсаттарының бірі-білім мекемлерінің өзін-өзі қаржыландыруына жол ашу.
Жәмила НҰРМАНБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Университеттер, соның ішінде мемлекеттік оқу орындары меншік қүқығын коммерциялық емес акционерлік қоғамына ауыстырып жатыр. Әрине, білім саласын коммерцияға айналдыруға болмайды. Бірақ заңда 16 түрлі тетік қарастырылып отыр. Соның негізінде табыс табуға мүмкіндік беріледі. Бірақ түскен табыс университетті дамытуға ғана жұмсалуы тиіс.
Р. Асқарбекұлы