Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Батумиде қақтығыс жасағандар қатаң жазаланады - Грузия ІІМ

AstanaTV
13.03.2017ж. 20:00
2530
Батумиде қақтығыс жасағандар қатаң жазаланады - Грузия ІІМ

Грузияның ішкі істер министрі Георгий Мгебришвили Батумидегі тәртіпсіздікке қатысы бар адамдарды қатаң жазалайтынын айтты. Кеше түнде елдің туристік орталығында қақтығыс орын алған. Тұрғындар полицейлерге тас лақтырып, көліктерді аударып тастаған.

Рейтерстің хабарлауынша, бұл оқиға көлік жүргізушісінің айыппұл төлеуден бас тартуынан басталған. Өзара ерегіске тағы 4 адам қосылады. Тәртіп сақшылары оларды полиция бөліміне әкелген соң бірнеше минут өткенде, наразылық танытқан мыңға жуық адам жолдарды жауып тастаған. Олар көліктерді өртеп, полицейлерге тас атқан. Ал полицейлер тұрғындарға көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданған. Салдарынан 20 шақты адам жарақат алып, 40 адам қолға түсті. Демонстранттар елдің бас жол полицейі Малхаза Батиашвилидің отставкаға кетуін талап еткен. Тұрғындар болмашы ереже бұзғанға жоғары айыппұл салынғанына сол кінәлі деп есептейді. Ал жергілікті ақпарат құралдары, ресми Тбилиси Аджарияның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмейді, деп жазуда.