Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ШҚО-да ауыл тұрғандарына берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу қайта қаралады

AstanaTV
02.05.2019ж. 20:00
3842
ШҚО-да ауыл тұрғандарына берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу қайта қаралады

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарына берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу әдісі өзгермек. Бұл туралы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы хабарлады. Қазір жәрдемақы тағайындау үшін тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы кіріс есепке алынады. Бірақ, облыс басшысы оны есептеу әдісіндегі өнімдер бағасы ойға қонымсыз деп отыр. Оған қоса қорадағы малдың шөп-жемі есепке алынбаған. Нұрсұлтан Біләлдің бейнематериалында. 

Гауһар Тоқтағанова 6 баланың анасы. Жұмыссыз. Жер үйде тұрады. Шағын қорада малы бар. Бүгін жергілікті жұмыспен қамту орталығына келіп, отбасына тиісілі арнаулы әлеуметтік көмек жайын білмекке келді.   

Гауһар ТОҚТАҒАНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:  

«Я пришла за социально-адресной помощью, узнать какие документы предоставить, справки 

-Сколько времени сидите здесь?

-10 мин.

-Все вам объяснили?

-Да все объяснили, все понятно».

Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша, Гауһар сынды ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмекті есептеу қалада тұратын жағдайы төмен отбасыларынан өзгеше болады. Күнкөріс деңгейінің шегін анықтауда жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс есепке алынады. Тіпті ірі қарадан бөлек, оның еті, сүті, егін өнімі де тізімге енеді. Егер бұл есеп-қисаптардан кейін әрбір отбасы мүшесіне шаққанда күнкөріс деңгейі яғни 29 мыңннан астам теңге шықпаса, отбасы әлеуметтік көмекке дәмелене алады. 

Райхан БАРЛЫҚОВА, ШҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Жиынтық табысты есептеудің белгілі бір әдісі бар. Ұсақ, ірі қара мал, құс, жылқы, картоп және сәбіз секілді барлық табыс саналады. Алдын ала есептеулер бойынша, егер отбасының 3 сиыры болса, және ешқандай басқа табыс көзі болмаса, онда бұл отбасы да АӘК үміткер бола алады. 

Бұл отбасы кірісін есептеудің үлгісі. Сиыр 22 мыңнан астам, қой екі жарым мың теңге. Ал, бір шаршы метрден алынатын картоп бағасы шамамен 800 теңге. Бірақ, облыс әкімі бұл баға көрсеткіштері нарықтағы бағадан шарықтап тұр дейді. Сонымен қатар, мамандар шаруашылыққа кететін шығынды есепке алмаған көрінеді.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мына жерде сіздер қойған баға дұрыс емес. Облыс бойынша сүттің бір литр құны орташа есеппен 166 теңге болуы мүмкін емес. Оның сатып алу бағасы 100-120 теңге. Мына жерде де солай еттің бағасы 1650 теңге. Бұл малдың таза етінің салмағы ма немесе тірі мал салмағы ма? 20 келі қой етін алып 1750 теңгеге көбейтіп отырсыздар. Бұл тағы да дұрыс есеп емес. Бағаны шарықтатып отырсыздар. Бұлай істеуге болмайды.

Енді шенділер ауыл тұрғындарына арналған әлеуметтік көмекті есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізулері керек.

Әсем НҮСІПОВА, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Менің ойымша бұған қатысты ауылдық жерлерде проблема болады, дерекқор дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ, шаруашылықты есепке алу да оңайға тимей тұр. Мұның бәрі тексерістен өтіп жатыр. Ауылдық аймақтардағы қай әкімдік болса да өсімнің болғанын қалайды.

Қазір Шығыс Қазақстан облысында 26 мыңнан астам көп балалы отбасы тұрады. Оның басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрақтаған.

Н. Біләл