Биыл Астана экономикалық форумын өткізуге ел бюджетінен 1,4 млрд теңге бөлінеді. Мұны республикалық бюджет комиссиясы бекіткен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының атқарушы директоры Руслан Жемков айтты. Алайда форумға жұмсалатын қаржы одан да көп. Спикерлерді шақыруға кететін шығындарды демеушілер мен серіктестер көтереді. Ұлттық компания басшылығының сөзіне сенсек, қызметтерді ұсыну бойынша тендер өткізу арқылы 100 млн теңге үнемделген. Астана экономикалық форумының бытырғы бюджеті 3,1 млрд болғанын естеріңізге сала кетейік. Ол кезде халықаралық іс-шараны Ұлттық экономика министрлігі өткізген еді. Мамырдың 16, 17 өтетін биылғы форум «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбын арқау етпек. Оған келетін делегаттардың саны 4 мыңға жетпек.
Ерлік ҚАРАЖАН, «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Форум шеңберінде алғаш рет бірнеше форумдар өтеді. Бірінші қазақстандық тұрақты даму форумы, Еуразиялық интеграцияның 25 жылдығына арналған арнаулы сессия, Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналғанн конференция, Кавказ және Орталық Азия өңірі Қаржы министрлері мен Орталық банктері басшыларының дөңгелек үстелі өтеді. Осыған қоса, Қазақстандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел өтеді.
Д. Қайыртай