Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы ауысты

AstanaTV
03.05.2019ж. 20:00
5275
«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы ауысты

«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы ауысты. Ұйым басшысы Данияр Сүндетбаевтың шетелге оқуына кетуіне байланысты оның орнына Дәулет Кәрібек тағайындалды. Ол бұған дейін жастар қанатының хатшысы қызметін атқарған. «Дарын» жастар сыйлығының иегері, PhD докторы. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Данияр Сүндетбаевтың бүгінге дейінгі қызметіне алғыс білдіріп, оқуына сәттілік тіледі. 

Дәулет КӘРІБЕК. «Jas Otan» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы және мемлекеттік жастар саясатының драйвері ретіндегі «Jas Otan» жастар қанатының барлық мүмкіндіктерін осы ел жастарының әлеуетін көтеруге, әлеуметін түзеуге бағыттауға өз тарапымыздан сөз береміз.

А. Сейфулла