Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде «Аяла» балаларды қолдау орталығында өрт шықты

AstanaTV
03.05.2019ж. 20:00
4333
Ақтөбеде «Аяла» балаларды қолдау орталығында өрт шықты

Ақтөбеде «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан өрт шықты. Абырой болғанда тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі күні өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Түскі мезгілде қыздардың екінші қабаттағы жатын бөлмесінен жалын тұтанған. Әуелі бөлмедегі жиһаз, төсеніштер өртеніп, артынша от дәлізді, көрші бөлмелерді шарпыған. Ғимаратта бұл кезде 31 адам болған, оның сегізі бала. Барлығы қауіпсіз жерге шығарылған. Орталықта 6 Мен 18 жас аралығындағы 25 бала бар көрінеді.  

Татьяна ЛИТВИНОВА, «АЯЛА» ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі кезде Төтенше жағдайлар департаменті сараптама тағайындады. Бірақ өзіміз балалардың ойынынан от шықты ма деп те күдіктенеміз. Олар қазір мектепке орналастырылды. Балғындармен бұл мәселеге қатысты тілдесе қойған жоқпыз. Әзірге балалар сонда бола тұрады. Ғимараттың бірінші қабаты аман. Ол жерде де жатын бөлмелер,асхана, ойын бөлмесі, барлығы бар.

Б. Рахметова