Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Тақтар ойыны» сериалының біздің уақытпен байланысы...

AstanaTV
04.05.2019ж. 20:00
4648
«Тақтар ойыны» сериалының біздің уақытпен байланысы...

Әйгілі «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымы жүріп жатқаны мәлім. Планетаның басты сериалына айналған «ойынға» адамдардың неге сонша берілгеніне Би Би Си порталы үңіліп көріпті. Шолушы Джонатан Маркус қазіргі әлеммен қандай байланысы барына тоқталған. Ол сериалдағы кульминациялық шайқастан екінші дүниежүзілік соғысқа, қырғи-қабақ соғысына сілтемелерді байқаған. Батыс әлемінің көзқарасы тұрғысынан.    

Тағы бір параллель - Джонатан Маркус сериалдағы мейірім күшінің тіріле беретін өлгендермен шайқасында лидерді өлтірсе, қалғандары өздері-ақ беріледі, деген әдіс шын өмірде іске аспайтынына тоқталған. Сөйтіп мысалға Бен Ладенді келтіреді.

Ал ең бастысы – кейіпкерлерді нақ міне, мынадай деп сипаттай алмайсың. Онда «жақсы жігіттер» деген жоқ. Ондағы адамдар өз әлемі, өзінің кішкентай патшалығы үшін кез-келген айла-тәсілге барады. Менің ойымша, миллиондардың ынтығып көретіні де содан – фальш кейіпкер жоқ, фигураның болмысын барынша шынайы көрсетеді.