Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Елде асыл тұқымды мал сатып алу жүйесін өзгерту керек – Н. Әлтаев

AstanaTV
08.05.2019ж. 20:00
4917
Елде асыл тұқымды мал сатып алу жүйесін өзгерту керек – Н. Әлтаев

Елде асыл тұқымды мал сатып алу жүйесін өзгерту керек. Депутаттар «Сыбаға» бағдарламасының олқы тұстарын сынға алды. Мәселен, субсидия шет елден алып келген ірі қараға ғана бөлінеді. Бір басқа бақандай 225 мың теңге. Шет ел асу кәсіпкерді шығынға белшесінен батырады. Тасымалдау, кедендік салық, малдың 3 ай бойы карантин аумағында тұруына күн сайын төленетін қаржы. Ал қазақстандық мал сатып алуға көк тиын қаралмаған. Бүгінде елде мыңнан астам малды асылдандыру шаруашылықтары құрылған. Депутат Нұржан Әлтаевтың айтуынша «Сыбаға» аясында фермерлерге 47 млрд теңге бөлінген.  

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Мал бордақылау алаңдарына ғана мың бастан астатын мал бордақылау алаңдарына ғана сатасындар деп требование қойған. Бұл да дұрыс емес. Өйткені ондай үлкен мал бордақылау алңдары аз. Аз болғандықтан олар монополиясын жасап фермерлерден бағасын төмендетіп, төлдерін тартып алып жатыр. 

Н. Біләл