Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық серіктестікте басты мәселе - логистика

Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық серіктестікте басты мәселе - логистика

Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық серіктестікте басты мәселе - логистика. Аталмыш мемлекеттегі төтенше және өкілетті елші Константин Жигалов осылай есептейді. Екіжақты қарым-қатынас туралы сөз қозғаған дипломат елдердің географиялық орналасуына жекелей тоқталды. Айтуынша, Еуропаның орталығында орналасқан Испания сауда-саттық жағынан Қазақстаннан басым түседі. Себебі теңіз бен мұхитқа шығатын мүмкіндігі бар. Десе де, екі мемлекеттің арасындағы сауда айналымы өткен жылы 20 пайызға өскен. Бұл дегеніміз - 2 млрд доллар. Біздің ел негізінен мұнай және ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ фармацевтикалық бұйымдарды экспорттайды.  

Константин ЖИГАЛОВ, ИСПАНИЯ КОРОЛЬДІГІ МЕН АНДОРРА КНЯЗЬДІГІНДЕГІ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: 

Логистика жағынан қиындықтар бар. Испания - Еуропада орналасқан, ал Қазақстан - су жолына шыға алмайтын үлкен мемлекет. Осыған назар аударыңыздар. Сондықтан біз испаниялық серіктестерімізге оларды қызықтыратын нәрсе ұсынуымыз керек. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Биыл Испанияның 54 компаниясымен кездестік. Бұл мәселеде екі тараптың да өз мүддесі бар.

Д. Қайыртай