Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тәртібі қиын бала...болмайды! Нәтиже берген эксперимент.

AstanaTV
28.10.2017ж. 20:00
3679
Тәртібі қиын бала...болмайды! Нәтиже берген эксперимент.

Астана қаласындағы нөмірі 34-мектепте тәртібі қиын балалар оқыған. Мектеп директоры "осыдан 5-6 жыл бұрын жүрек талмасынан кетіп қаламын ба, деп қорқатынмын" деп еске алады. Кейін бір тәсіл қолданылған - оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі енгізіледі. Президент пен екі орынбасарын, министрлерді оқушылар өз араларынан сайлап алған. Есепте тұратын баласы көп мектептен бұзақы шықпай кеткесін, прокурорлар келіп тексеріп, аң-таң болыпты. Түрлі тәртіпсіздікпен ұсталып, ұрлық істеген оқушылардың ынтасы өзгеріп, сабақты жақсы оқи бастаған. Ал әдістің авторы - профессор Федор Вассерман. «Тәртібі қиын» дегенде, бұл өте күрделі мәселе - ата-ана деңгейі, үйдегі тәрбие, орта, қоғам т/б мәселелермен ұштасады. Бір шеті – «отыр», «тұр» "сөйлеме" дейтін радикалды, авторитарлы бұйрықтар "кеңістігіне" барып тіреледі... 34-мектепте Айгүл Әдепбай болып қайтты.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Бұл Астана қаласындағы нөмірі 34-мектеп. Сырт көзге жай ғана білім ордасы болып көрінгенмен, олай емес. Біз қазір мектеп президентінің қатысуымен өтіп жатқан мектептегі үкіметтің отырысына дәл келдік.

34-мектебіміздің президенті келіп тұр. Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, отыра беріңіздер.

Ақ Орда емес, бірақ президенті бар. Министрліктер үйі емес, бірақ министрлері бар. Бұл – тәрбие жүйесіне өзін-өзі басқару үлгісін енгізген Астанадағы алғашқы мектеп. Бұл әдіс 2013 жылдан бері жемісін беріп келеді. Талай бұзықты қатарға қосқан. Теңдессіз технологияның авторы – қарапайым профессор Вассерман.

Федор Вассерман, биоақпараттандыру және синергетика технологиясының авторы:

Ну идея зародилась оттого что я вдруг понял, что все дети талантливы. Это первое, второе, я понял что в школе все таланты не раскрываются. Третье, я понял, если у ребенка не раскрыт талант, он не может быть успешен в школе. Четвертое, я понял что для детей нужно сделать такую систему чтобы каждый ребенок свой талант раскрыл.

Осылайша профессор 2002 жылы өзінің ерекше тәрбиелік жүйесін ойлап табады. Сөйтіп мектеп басшылығына «президент» пен «министрлер» келеді. Ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған оқушылардың қолына билік береді. 

Дидар Рахимберлина, № 34 орта мектеп директоры:

Бұл лесозавод ауданы. Тентек оқушыларымыз көп болатын. Ол жылдарды есіме алсам- шаршап кететінбіз қатты. Милицияға жібереміз, тіркеуге қоямыз. Сол 11 жылдары бізде 7 бала учетта тұрды. 5 бала сотталған болды. Күнде айғай. 34-мектеп ДВД-да бірінші орында тұрамыз.

Ал қазір ол күндер артта қалған. Тіпті мектепте бұзақылық, ұрлық, әлімжеттік тыйылғанда, прокурорлардың өздері сенбей, келіп тексерген.

Федор Вассерман, биоақпараттандыру және синергетика технологиясының авторы:

Когда ребенку с детства ставят клеймо на лоб ты плохой он и будет плохим. И вот эти дети нашли поле для самовыражения они в себя поверили.

Алдияр Қайырбеков, 7 «а» сыныбының оқушысы:

5-сыныпта мен тәртіпті көп бұзатынмын. Қоңырауда шулап, сыныптастарымды ренжітетінмін. 6-шы сыныпта мені ішкі істер министрі етіп сайлады. -Қазір тәртібің қандай? –Тәртібім түзелді. –Не өзгерді, сенің тәртібіңді түзеуге? Жауапкершілік пайда болды ма? - Жауапкершілік пайда болды.

Яғни рецепт қарапайым. Балаға сенім артсақ, қолынан ұстап алып, жетектемей, өзінің жолын өзі табуына мүмкіндік берсек, ол тырысады.

Дидар Рахимберлина, № 34 орта мектеп директоры:

Тентек балалар бірінші кезекте тәртібі түзеле бастады. Өз көзімізге өзіміз сенбей, тәртібі түзелген кезде оқу үрдісі өзінен өзі жоғарылай бастады. Бүкіл мектепте бізде бастық емес бала жоқ, барлығы бастық. 63 пайыз бастық. Қазір түртіп кетсең әрқайсы бір міндет атқарады. –Сіз не істейсіз? –Мен не істеймін? Менде жұмыс қалмай қалады. Менде қазір бұрынғыдай күнім жоқ, 5 жыл бұрынғыдай. Ол кезде мен жұмыстан қашып кете жаздайтынмын, басым қатып, жүрегім ауырып, не істерімді білмейтінмін.

Қазір мектепте 766 оқушы білім алып жатыр. Органдарда тіркеуде тұрғаны қалмаған.

-Это был один из труднейших районов Астаны. Практический кроме нас никто эту проблему не решил. –Сейчас таких детей не осталось? –У нас проблемы, нет хулиганов.

Бір бала тәртіпті бұза бастаса, оны қатарластары немесе жоғарғы сыныптағы "министрлер" қатарға қосады. Әр тәртіпсіз баланың әрекетін, тіпті тағдырын бүге-шүгесіне дейін талқылайды, 13 министр мен орынбасарлары.

-Мүмкін отбасы жағдайында бір нәрсе болып жатқан шығар, оны бірінші анықтап алу керек қой. Ол спорт жағынан жақсы. Спорт министрі спортқа, мәдениет министрі мәдениетке тартса, түзеледі. Жеке барып сөйлесу керек.

Федор Вассерманның биоақпараттандыру және синергетика технологиясы Ақтөбе, Шымкент, Теміртау, Семей, Көкшетау, Сәтпаев, Шахтинск, Петропавл қалаларында да жемісін берген. Профессордың ендігі арманы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен осы жүйені еліміздің барлық мектептеріне енгізу. Қазір тың технологиямен Астанадағы 19 мектеп пен 6 колледж жұмыс істеп жатыр.

Айгүл Әдепбай, Алмас Жұлыбаев «Біздің уақыт».