$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жастардың қоғамдық ұйымына белсенділік қажет - А. Таспихов

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
3592
Жастардың қоғамдық ұйымына белсенділік қажет - А. Таспихов

Ал Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов жастарды жұмысқа тартып, қолдауға басымдық бермек. Қазір кандидаттың республикалық қоғамдық штабы елде жастар форумын өткізіп жатыр. Оған кәсіподақ федарациясының салалық ұйымдары қолдау көрсеткен. Аманкелді Таспихов еңбек өнімділігін арттыруда жастардың ресурсын пайдаланатын уақыт жетті, дейді. Өңірлердегі басқосуда бұдан бөлек қоғамдық ұйымдар халыққа кәсіподақ жұмысын да насихаттап жүр. 

Еспенбет ҚАЛШОРА, «КЕЛЕШЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ :

Кәсіподақтар федарациясы арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға тартып отырмыз. Оның ішінде жұмысқа келгеннен кейінгі мәселелер. Соның ішінде құқықтарын, міндеттерін жұмыс беруші тарапынан жасалатын олардың міндеттері. Өзінің міндеттерін қорғайтын ережелермен таныстырамыз.

Тастанбек ЕСЕНТАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Ең негізгі жұмысымыз үш жақты келісм шарт қой. Кәсіподақпен келісітіріп, әкімшілікпен келісіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру.

А. Бектас