$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Беларусьте жатыпішерлерге салынатын айыппұлға қарсы жаппай шеру өтті

AstanaTV
13.03.2017ж. 20:00
2684
Беларусьте жатыпішерлерге салынатын айыппұлға қарсы жаппай шеру өтті

Ал Белоруссияда "жатыпішерлерге салынатын айыппұлға" қарсы жаппай шеру өтті. Жылына 183 күннен аз жұмыс істейтіндерді мемлекет 250 доллар төлеуге міндеттеген. Осы жағдай халыққа ұнамай отыр, деп хабарлайды Reuters.

Ереуілге шыққандардың қарасы қалың. Осыған қарап-ақ, елде жұмыссыздар саны аз емес екенін аңғаруға болады. Әсіресе, егде жастағылар белсенділік танытуда. Олар бұл айыппұлды толығымен алып тастауды талап етеді. Оған қоса төмен жалақы, жұмыссыздық пен коммуналдық төлемдердің өсуіне қарсылық білдіріп жатыр. Әзірге шерулер шағын қалаларда өтуде. Ал 15 наурызда Белоруссия Конституция күнін атап өетді. Дәл осы күні ел астанасында қарсылық акцияларын өткізу жоспарланған.

Еске салайық, 2015 жылы сәуірде Беларусь президенті Александр Лукашенко аталған құжатқа қол қойды. Құжатқа сай еңбекке қабілетті тұрғындар жылына 20 базалық көлемде салық төлеуі тиіс. Елде 470 мыңдай адам салық төлеуші ретінде ескерту алған.