$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сайлау бюллетеньдерін басып шығаруға 133 миллионға жуық қаражат жұмсалмақ

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
3170
Сайлау бюллетеньдерін басып шығаруға 133 миллионға жуық қаражат жұмсалмақ

Елде сайлау бюллетеньдерін басып шығаруға 133 миллионға жуық қаражат жұмсалмақ. Орталық сайлау комиссиясы бүгін дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекітті. Қазір сайлаушылардың жалпы саны 11 млн 947 мыңнан асады. Сайлау парағы 1 пайыз резервпен дайындалады. Баспаханадан шыққан маңызды құжат жер-жерге арнайы күзетпен жеткізіледі.

Сәбила МҰСТАФИНА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін үш күннен ерте емес, яғни, 6 маусымнан кейін және сайлауға дейін бір күннен кешіктірмей, яғни, 8 маусымға дейін жеткізу қажет. 

Бұдан бөлек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясының байқаушысы Александр Джон Фолкс тізімнен шығарылды. Әрі орталық сайлау комиссиясы тағы 59 халықаралық байқаушыны тіркейтін болды. Шетелдік сарапшыларды аккредиттеу 3 маусымда басталады. 

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

35 байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының құрамында, 1 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының құрамында, 7 байқаушы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Миссиясы құрамында. 

А. Бектас