$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кәсіподақ ұйымдарының ықпалын арттыру қажет - С. Дәулеталин

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
1815
Кәсіподақ ұйымдарының ықпалын арттыру қажет - С. Дәулеталин

Ақтөбедегі кәсіподақ ұйымдары 128 мың қызметкердің құқығын қорғайды. Олардың дені мұнай-газ саласында еңбек етеді. Бірақ бюджеттік сала қызметкерлері де ұмыт қалмауы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Ақтөбеде өткізілген кездесуде басшы мен қатардағы қарапайым жұмысшының табысын теңестіруге күш салатынын жеткізді. Сонымен қатар жұмысшы мен жұмысберуші арасындағы келісімшарт дұрыс жасалуы тиіс. Сонда ғана еңбекшінің құқы бұзылмайды әрі лайықты жалақы төленеді. Қазір еліміздегі кәсіподақ федерациясы осы мәселеге басымдық беріп отыр. Ақтөбедегі салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен өткен кездесуде Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері осы туралы баяндады. Бұл үшін орталық кәсіподақтар мен салалық және бастауыш ұйымдардың байланысын арттыру қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. 

Сатыпалды ДӘУЛЕТАЛИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР А. ТАСПИХОВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ал енді бастауыш ұйымдарды алдыңғы шеп деп айтуға болады. Бастауыш ұймымымен салалық кәсіподақ арасындағы байланыс. Одан қалды біздің кәсіподақтар федерациясының негізгі мәселесі. Осыны үйлестіру арқылы осы бастауыш ұйымында жұмыс қалай ұйымдастырылса, сонда ғана әлеуметтік мәселелер реттеледі. 

Е. Карин