Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың Қарағандыдағы штабында сайлауалды тұғырнамамен таныстыру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақтағы өкілдер үн парақтар таратып, тұрғындарға бағдарламаны түсіндіріп жүр. Арқа жеріне жуырда кандидаттың өзі де барып, кең көлемде жиын өткізген еді. Қарағанды - еліміздегі халық саны көп шаһардың бірі болғандықтан үгіт-насихатқа еріктілер мен белсенді жастар тартылды. Алда шалғайдағы аудандарда да кездесулер ұйымдастыру жоспарда тұр. Қаланың өзінде тағы бірнеше шара ұйымдастырылмақ.
Саят РАҚЫМОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Әміржан Қосановтың штабына келіп, бағдарламасымен танысып, жалпы бағдарлама мемлекетіміздің алға жылжып, өсіп-өркендеуіне бағытталған бағдарлама деп санаймын. Енді 9 шы маусым күні өзімнің таңдауымды жасаймын.
Серік ҚОШАНОВ, ПРИОЗЁРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың бағдарламасын шолып шықтым. Интернет желісінде мұқият оқып, таныстым. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде, ғаламтор кеңістігінде өзге де кандидаттарды бақылап отырамын. Барлығын тыңдадым. Мен өз таңдауымды 9 маусым күні жасаймын.
А. Сейфулла