$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Ауыл шаруашылығын дамыту қарапайым жұмысшылар жағдайын жасаудан басталады - Т. Рақымбеков

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
2476
Ауыл шаруашылығын дамыту қарапайым жұмысшылар жағдайын жасаудан басталады - Т. Рақымбеков

Ауыл шаруашылығын дамыту қарапайым жұмысшылар жағдайын жасаудан басталады. Егер жалақыға, баспанаға және жайлы жұмыс орнына қатысты мәселелер бір жолға қойылса, еңбек өнімділігі өздігінен еселенеді. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Шығыс Қазақстандағы агрофирма қызметкерлерімен кездесіп, осы тақырып төңірегінде әңгімелесті. Жоғары жалақы іздеген жұрт қазір жаппай ірі қалаларға көшіп жатыр. Бұл үрдісті тоқтату үшін ауылдарға, шалғай жатқан елдімекендерге қолдауды күшейту керек. Оның ішінде дәл осы қарапайым жұмысшылардың жағдайын жасау алдыңғы орынға шығу қажет деді Төлеутай Рақымбеков жергілікті тұрғындармен кездесу барысында.

ТӨЛЕУТАЙ РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Бір сиырдың басына шаққан кезде 8100 килограмм сүт өндіреді екен. Ал, Қазақстан бойынша 3000 колограмға жеткен жоқпыз. Егерде орта есеппен біз Қазақстан бойынша 8100 килограмға жеткізетін болсақ, қосымша Қазақстанда экпорт арқылы тек қана сүттен 10 млрд доллар пайда әкеле алады ауыл шаруашылығы. 

Н. Біләл