Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Атырау облысында

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
3351
ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Атырау облысында

Әрбір қазақстандық үшін сапалы медициналық қызмет қалада да, ауылда да қолжетімді болады. Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында осылай дейді. Ол медицина сапалы әрі тиімді болуы үшін дәрігерлердің жүктемесін азайтып, ауруханаларға жаңа қондырғылар алып беруді көздейді. Кандидат ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға да күш салмақ. Шалғайдағы жұрттың білім алуы, емделуі мен кәсіп ашуына мүмкіндік жасалатынын алға тартады. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік сала қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етуге де басымдық беретінін айтқан. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өрлеу дегеніміз білім беру саласында жұмыс істеп жатқан ұстаздарымыздың немесе денсаулық сақтау саласында істеп жатқан дәрігерлердің, басқа қызметкерлердің жалақысын өсіру деген сөз. Өрлеу дегеніміз мұғалімдердің жүтемесі азайу деген сөз. Өрлеу дегеніміз осы салаға басымдық беріп, денсаулық сақтау саласына ары қарай қаржыландыруды көбейту деген сөз. 

Д. Қайыртай