Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде іскерлік медиа хабы құрылуы мүмкін - Еуразиялық медиафорум

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
2745
Елімізде іскерлік медиа хабы құрылуы мүмкін - Еуразиялық медиафорум

Дегенмен елімізде іскерлік медиа хаб құрылуы мүмкін. Бұл отандық іскерлік журналистиканы дамытып, әлемдік медиа алпауыттармен тікелей жұмыс істеуге жол ашады. Еуразиялық медиафорум аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов осындай мәлімдеме жасады. Ришат Асқарбекұлы тарқатады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ: 

Форумның биылғы тақырыбы «Бүгінгі әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде» еп аталады. Осымен 16-шы рет өтіп жатқан халықаралық шара биыл да әлемдік және аймақтық бірқатар мәселелерді талқылап жатыр. Атап айтсақ, дағдарыс пен сын-қатерлер, тұтынушылық «күйзеліс», медиа саласының цифрлануы мен жаңа технологиялар мүмкіндігі.

Биылғы форумның да тізгінін араб елінен келген продюсер әрі жүргізуші Риз Хан қолға алды. Қазақстан Президентінің құттықтауын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жеткізді. Мемлекет басшысы медиа форумда жылдан жылға халықаралық және өңірлік күн тәртіптегі ең өткір, көкейтесті проблемалар талқыланатынын атап өткен.  

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Бұл жерде көптеген мәселелер талқыланып, көптеген мәселелер белгілі болып жатқандықтан, бұл да дүниежүзілік дағдарысқа, дүниежүзілік оқиғаларға өзінің оң нәтижесін береді деп мен сенімдімін. Қазіргі қонақтарымыз айтады интернет деген бір үлкен «ауыл» сияқты, әлемде болып жатқан нәрселердің Қазақстанға да тікелей қатысы бар. Сондай сұрақтарды осында талқылауға жақсы мүмкіндік.

Елімізде іскерлік медиа хабы құрылуы мүмкін. Бұл отандық іскерлік журналистиканы дамытып қана қоймай, әлемдік медиа алпауыттармен имидждік мақсатта тікелей жұмыс істеуге жол ашады. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты. Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық қаржылық медиа хабын құру мүмкіншілігі тұжырымдамасы қазір қарастырып жатқаны белгілі болды.  

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: 

Еуразиялық медиа форум медианың проблемаларын талқылауға арналған мәні жоғары шара. Сондықтан қаржы орталығы үшін форумның жұмысына қатысу өте маңызды. Біз мемлекеттік органдармен, оның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық қаржылық медиа хабын құруды ойластырып жатырмыз. Қазірдің өзінде бізде Bloomberg, CNN, Reuters сынды компаниялармен қатар Еуропа елдерінің, Қытайдың іскерлік медиасы бар.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы былтыр шілдеде құрылды. Посткеңестік елдер ішінде ағылшындық құқық тәртібімен жұмыс істейтін жалғыз орган. Қаржы орталығы қор нарығын дамыту мен елге шетел инвестицияларын тартумен айналысады. Қайрат Келімбетовтің атуынша биыл орталықтың қатысуымен «Қазақтелеком» мен «Эйр Астана» компаниялары жекешелендірілетін болады.  

Р. Асқарбекұлы