Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Болашақ» бағдарламасы жаңа талаптарға сәйкес жалғаса береді

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
2165
«Болашақ» бағдарламасы жаңа талаптарға сәйкес жалғаса береді

«Болашақ» бағдарламасы жаңа талаптарға сәйкес жалғаса береді. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамасында осы мәселеге де тоқталған. Кандидат жастардың лайықты білім алуына басымдық беретінін алға тартады. Ал бүгін түрлі салада жұмыс істейтін 3 000 жас маман Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесті. Олардың қатарында Team Qazaqstan жастар қанатының белсенділері де бар. Жастар Тоқаевтың тұғырнамасымен танысты. Мәулен Әшімбаевтың айтқаны шымкенттіктердің көңілінен шықты. Олар әділ қоғамның болашағы жарқын дегенге сенеді. Сондай-ақ, жемқорлық тиылса, жұмыссыздық азайса, жағдайы төмен отбасыларға көмек берілсе, береке артады деп есептейді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жастар еліміздің болашағы, сондықтан жастарға барлық жағдай жасау керек деп нақты бағдарламада көрсетіп отыр. Жастардың мектепте оқуына, дұрыс білім алуына, дұрыс университеттерге бітіріп жұмыс табуына барлық жолдарды ашып береміз деген уәдесі бар. Жас кәсіпкерлерге арнайы жас кәсіпкер деген бағдаралама жүзеге асырылады. Жас ғалымдарды қолдау үшін жылына 3 млрд теңге бөлінетін болады.

М. Дюсекина