Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таразда шу шығарған қандастар елден қуылмайтын болды

AstanaTV
26.10.2017ж. 20:00
3080
Таразда шу шығарған қандастар елден қуылмайтын болды

Жамбылдаға қоныс аударған қандастар Қытайға қуылмайтын болды. Құжаттары жалған болып шыққан 251 оралман елдің кез келген өңірінде тұрақты және уақытша тіркелуге құқылы. Мұны Жамбыл облыстық көші-қон қызметі басқарма басшысының орынбасары «Астана» арнасына берген сұхбатында айтты. 

Руслан Бейісов, Жамбыл облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

ІІМ Көші-қон қызметінің және Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің үйлестірілген жұмысы нәтижесінде, осы азаматтардың 75-і келіп, алдында жарамсыз болған шетелдіктердің ыхтияр хаттарын қайта жарамды санатына ауыстырылғандығы белгілі болды. Және де 251 азаматтың үшеуі ҚР азаматтығын алды.

Енді қалған қандастардың құжаттары келесі аптадан бастап берілмек. Қолына құжаттары тигендер қуанып жатыр. Өйткені Аспан асты елінің заңы бойынша ескертусіз елден кетіп, жалған құжатпен қайта оралғандар түрмеге тоғытылады. Алматыдан арнайы келіп, тіркеуге тұрғандар Әулиеата жерінде құдалықтан қайтқандай әндетіп келеді.

Айта кетейік, төлқұжат орнына жүретін ықтияр хаттың жарамсыз екенін Қытайдан келген 251 адам анықтама алу кезінде бір-ақ білген. Ал, қанттай қылып құжат рәсімдеп берген көші-қон қызметіндегі бұрынғы басшылардың былықтары ашылып, өздері сотты болып жатыр. Олар оралмандардың елде емін-еркін жүріп-тұруға рұқсат беретін ыхтияр хатты 2015 жылы заңсыз жасағаны белгілі болды. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтады. Соттың үкімімен көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды. Инспектор 4 млн 242 мың теңге төлеп, құтылған. Сыбайлас делдалдарының біреуі 5 жылға бас бостандығынан айрылып, тағы екеуі рақымшылықпен босатылды. Сотта айыптаушы тарап олардың Қытай, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 609 адамға заңсыз құжат рәсімдегенін де анықтапты.