Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президенттікке кандидат Д. Еспаева Павлодарда

AstanaTV
30.05.2019ж. 20:00
1946
Президенттікке кандидат Д. Еспаева Павлодарда

Президенттікке кандидат Дәния Еспаева Павлодар кәсіпорындарын аралап жүр. Үгіт-насихат жұмыстарымен ол өңірдегі кабель зауытына барды. Зауыт энергетика мен өнеркәсіптік салаға арналған сым және тағы басқа 15 мың түрлі өнім шығарады. Бәсекеге қабілетті. Былтыр 18 млрд теңгенің тауарын өндірген. Өндіріс көлемін ұлғайтуға қуаты жеткенімен, мемлекет тарапынан қолдау жетіспейді. Кандидат Дәния Еспаева сондықтан Үкімет жергілікті шикізатты қолдану, экспортқа шығару мәселелерін қайта қарау керек деп есептейді. 

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Меніңше Қазақстанда өнім шығаратын кәсіпорындарға субсидия мәселесін шешу керек. Екінші мәселе бұлардың алып отырған шикізаты Қазақстандікі. Бірақ оның бағасы Лондон биржасының бағасымен сәйкес. Қасымыздағы Ресейдің тап осындай мекеме өзінің Ресейден алатын шикізатын он пайызға төмен алады. Сондықтан осы мекеменің шығарған өнімі Ресеймен бәсекелес болмай тұр. Сондықтан Ресейдің нарығы жабық тұр. Сондықтан бұл мәселені де шешу керек.

А.Сейфулла