$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Д. Еспаеваның жақтастары қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
2278
Д. Еспаеваның жақтастары қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Тарихтың ақтаңдық беттері. «Ақ жол» партиясының орталық аппараты мен сайлауалды штабы көппен бірге бүгінгі күнді қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арнады. Азат Перуашев бастаған топ «Алжир» мемориалдық-мұражай кешеніне «Алаш Орда» қозғалысының қайраткерлері мен репрессияға ұшыраған жандардың портреттерін ұстай келді. Олардың бірқатары сол кездегі солақай саясаттан зорлық-зомбылық көрген жандардың ұрпақтары. Ақтаңдақ жылдар әлі де зерттелуі тиіс. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өтті. Десе де тарих қойнауы әлі де талай сырларды бүгіп жатыр.  

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Д.ЕСПАЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің отбасымызға да осындай ауыртпашылық тиді. Менің атам Перуаш Кәрімұлы 23 жаста Алашорданы насихаттаушы ретінде қамап тастады. 37-ші жылы оны түрмеде өлтірді. Біз келіп өз аталарымызға ғана емес, белгісіз кеткен қазақ батырларына құран бағыштаймыз.

Н. Біләл