Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көпбалалы аналардың жәрдемақысын үш есеге көтеру керек - С.Түгел

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
2693
Көпбалалы аналардың жәрдемақысын үш есеге көтеру керек - С.Түгел

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны үш есеге көбейтіп, тегін баспана беру керек. Осындай бастама көтерген Сәдібек Түгел балалар мерекесі қарсаңында қарағандылық жас аналармен кездесті. Оларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, гүл шоқтарын да сыйлады. Елімізде жыл сайын 410 мың сәби өмірге келеді екен. Деміккен демографияға жан бітіретін жас отбасыларды қолдап, үй сатып алу үшін пайызсыз несие беру керек. Қазақ халқының санын көбейтуге үлес қосқаны үшін алғыс айтқан Сәдібек Түгел бүгін дүние есігін ашқан нәрестелерге ақ батасын берді.  

- Ғұмыр жастары ұзақ, жолдары ашық, өмірлері бақытқа толы болсын!

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕН ҮМІТКЕР:

Әрбір бала туды ма, бір млн теңге беруіміз керек. Екінші бала туғанда екі млен теңге беруіміз керек. Оныншы бала туғанда 10 млн алу керек. Оның үстіне жәрдемақы. Сонымен қатар, көпбалалы аналарға пәтерді тегін беру жағын қарастыруымыз керек. Ол - міндеттің міндеті. Оған Қазақстанда жағдай бар.

Е. Карин