$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстау облысында шетелдік туристер ерекше құбылыстың куәсі болды

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
5115
Маңғыстау облысында шетелдік туристер ерекше құбылыстың куәсі болды

Американдық туристер Маңғыстау облысының Бозжыра шатқалында ерекше құбылыстың куәсі болды. Шатқалдың ең төбесенде, дәлірегі 200 метр биіктікте адамдардың шаштары тік тұрып, жоғары көтерген қолдары электр тогы ұрғандай дірілдеген. Бұл жастарды таңқалдырды. Олар тіпті осы көріністі ұялы телефондарына түсіріп, ғаламторға жариялады.  

- Біз ең ұшар басында тұрмыз әрі ең қызығы қолыңды жоғары көтерсең болды тоқ ұра бастайды. Шығып жатқан мына дыбысқа құлақ түріңіздер... 

Бірақ физика саласының ғалымдары мұндай құбылысқа бей-жай қарамай отыр. Мамандардың айтуынша, ол климаттың өзгеруіне байланысты болған жағдай және американдық туристер Құдай сақтап аман қалған дейді.  

Геннадий ТАРАСЕНКО АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИК-ГЕОЛОГЫ:

Одам осы флюидтердің, сұйықтықтардың өте көп мөлшерін алғанда электр конденсаторының, жер электроконденсаторының тұйықталуына әкеп соғады. Егер күн бұлтты болып, оған найзағай қосылғанда, соңынан, торнадо пайда болады, сол кезде найзағай жүреді. Егер олар соған тап болғанда бәрі мүмкін еді. Найзағай әлбетте өлтіреді. Бұл 100 %. Әрине, балаларды періштесі қаққан.

А. Төребекқызы