Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әлемде алғаш рет Гонолулу қаласында жол қиылысында телефон қолдануға тыйым салынды

AstanaTV
26.10.2017ж. 20:00
2422
Әлемде алғаш рет Гонолулу қаласында жол қиылысында телефон қолдануға тыйым салынды

Гонолулу қаласында жол қиылысында телефон қолдануға заңмен тыйым салынды. Бұл осындай тәртіп енгізіп отырған әлемдегі бірінші қала. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Америкалық Гавайа аралы астанасында гаджетті жаяу жүргіншілер жолағында қолдандарға 35 доллар айыппұл салынады. Бұған құлақ аспағандар 75 доллар төлейтін болады.

Ал жол тәртібін жиі бұзатындар үшін айыппұл көлемі 100 долларға дейін жетіп қалады. Бұл телефон қолданушыларына ғана емес, ол компьютер секілді барлық құрылғыларды пайдаланғандарға да қатысты. Өйткені жергілікті полицейлердің мәліметінше, әлеуметтік желі жүктеген гаджеттердің кесірінен жол апаттары көбейген.

Шетелдік журнал зерттеуіне сүйенсек, АҚШ-та 2000-2007 жылдары 400 жаяу жүргінші жараланған. Ал iPhone пайда болғалы бұл көрсеткіш 3 есеге ұлғайған. Сондықтан Гонолулу билігі мұны заңмен тыйым салу керек деп шешкен. Бірақ құлаққап кигендер ғана жазаға тартылмайды