Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мәдениет және спорт саласында жемқорлық қылмыстарының саны артқан

AstanaTV
26.10.2017ж. 20:00
3104
Мәдениет және спорт саласында жемқорлық қылмыстарының саны артқан

Мәдениет және спорт саласында жемқорлық қылмыстарының саны артқан. Биылғы алты айда ғана аталған салаларда 44 қылмыс тіркеліпті. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысында айтылды. Мәселені жан-жақты зерттеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Топ мүшелері Ақмола облысы мен Алматы қаласындағы бірқатар нысандарды аралап шықты. Тексеру нәтижесінде көптеген құқық бұзушылықтар анықталған. Мәселен, Ақмола облысының Шортанды ауданында балалар тегін жаттығуы тиіс спорт залдары мен бассейндер ақылы негізде жұмыс істеп, әр келушіден ақша алып отырған. Ал бұл нысан керекті жабдықтармен мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілген, - дейді кеңес мүшелері. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу жолдарын ұсынды. 

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бүкіл қызметтерді, ішінара ұйымдастыру жұмыстарының барлығын нақты нормативтік-құқықтық актілермен реттеу керек. Жасаймын деген адам да бұзушылықтарды жасай алмайтындай ету керек реттеу арқылы.

Кеңес өкілдері спорт саласындағы былықтарға аса алаңдаулы. Қыруар қаржы бөлінеді, бірақ, өкінішке орай, бұл сала жемқорлықтан арыла алмай-ақ келеді десті. Сондай-ақ жиынға қатысушылар өткен жылдары болған допингке қатысты дауды да айналып өтпеді.

Қайырбек Сүлейменов, "Нұр Отан" партиясы жанындағы СЖҚІҚ республикалық кеңес төрағасы:

Ауыр атлеттеріміз масқара болып, бүкіл команда чемпионаттардан шеттетілді. Осыдан кейін ойланатын мәселе көп. Мұның бір шеті, әлбетте, жемқорлыққа тіреледі. Таблетканы ішіп алып, жеңіске жеткенімен,  барлығы зая кетіп жатыр. Бұл бізге керек пе? Допингке қарсы күрес қызметі халықаралық ұйымдармен бірлесе әрекет етуі керек. Сонда ғана  біздегі спорт саласы жемқорлықтан ада болады.