Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ШЫҰ еліміздің 7 қаласында сайлау процесін бақылайды

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
1927
ШЫҰ еліміздің 7 қаласында сайлау процесін бақылайды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы еліміздің 7 қаласында сайлау процесін бақылайды. Бұл туралы ұйымның байқаушылар миссиясының басшысы - Владимир Норов мәлім етті. Ол байқаушылар миссиясы сайлаудың әділ өтуі үшін барынша күш салатынын атады. Айта кету керек, Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясы ең алғаш 2004 жылы Қазақстанда жұмысын бастаған еді. 

Владимир НОРОВ, ШЫҰ БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - ШЫҰ БАС ХАТШЫСЫ:  

Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясы 25 мүше-мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Ол өкілдер өз елдерінің заңнамалық, құқықтық салаларынан келіп қосылған. Олар - жоғары санатты саясаткерлер. Біздің миссия бүгінгі күні Қазақстанда жұмысын бастап кетті десе де болады. Біздің өкілдер Қазақстаның 7 қаласында жұмыс жүргізіп жатыр.  

Н. Біләл