Ірі кәсіпорындар зиянды қалдықты азайтатын жаңа технология енгізуі қажет. Бұл - экологияны жақсартудың бір жолы. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамасында бұл мәселеге ерекше тоқталған. Бүгін үміткердің сенімді өкілдері Шығыс Қазақстан жұртшылығымен кездесуінде осыны жеткізді. Өйткені аймақтың экологиялық ахуалы нашар. Мұндағы зауыт пен көліктен шыққан түтін халықтың денсаулығына кері әсірін тигізіп жатыр. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы қауымның жағдайына назар аударуы бекер емес. Олар өндірген тауарлар қазір экспортқа шығып, экономиканы алға бастырып отыр. Демек жұмысшы жалақысы көбейіп, қосымша қызмет орындарының ашылатыны елге құт.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біздің кандидатымыз өзінің сайлауалды бағдарламасында таза қоршаған ортаны қалыптастыруға басымдылық беретінін айтып отыр. Бұл бағыттарда Қазақстанның заңдарын ары қарай жетілдіруге үлкен көңіл бөлінетін болады. Халықаралық стандарттарды біздің заңдарымызға енгізуге байланысты біраз жұмыстарды жасауымыз керек деп өзінің бағдарламасында кандидатымыз көрсетіп отыр.
А. Бектас