Ауылды жерде кәсіпкерлікті дамытуға бар жағдайды жасау керек. Президенттікке кандидат Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі тұрғындармен кездесуде осылай деді. Азат Перуашев бұл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар, жұмыссыздықты да шешетінін айтады. Бүгін үгіт тобы Жамбыл облысы Байзақ ауданының бірқатар ауылында болып, халықпен жүздесті. Онда кәсіпкерлікпен қоса, әлеуметтік салаға қатысты мәселе де қозғалды. Студенттерді жатақханамен қамтып, жұмыс орындарын ашу мәселесі кеңінен талқыланды. Ауыл тұрғындары отандық өндірушілерді қолдап, жеке кәсіп ашқысы келетін азаматтарға демеу көрсетуді сұрайды.
Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Д. ЕСПАЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл - салық саясатымызды өзгерту. Қазіргі кезде мұнайшылар болсын, металлургтер болсын олардың төлейтін қосымша құн салығы НДС және мәселен, ауылшаруашылығымен айналысатын өнім өндірушілер де бірдей салық төлейді. Меніңше бұл дұрыс емес. Еуроодақтың дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, ол жерде әлеуметтік мағынасы бар тауарларға және иновацияға салаға ерекше ставкасы бар. Меніңше салық саясаты халық үшін тиімді болу керек.
А. Бектас