Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қ. Тоқаев Семей қаласын дамыту жоспарын дайындауды тапсырды

AstanaTV
05.06.2019ж. 20:00
2108
Қ. Тоқаев Семей қаласын дамыту жоспарын дайындауды тапсырды

Жұмыссыз және арнайы білімі жоқ жастардың мәселесі шешіледі. Президентікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының өкілдері жоспарға сай жаңа жұмыс орындары ашылады және білім алуға мүмкіндік жасалады дейді. Бүгін Семейге барған олар- жоспарды тарқатып айтты. Мәселен, бүгінгі күні жұмыс өтілі жоқ жастардың қызметке орналасуы қиын. Бұл мәселені шешуге кандидат дайын. Жоспарға сай тәжірибесі жоқ, жас мамандардың еңбекке араласуын бақылауға алады. Бұны естіген студенттердің қуанышында шек болмады. Кандидаттың қаланы дамытуға қатысты да нақты жоспары бар.  

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Семей қаласының 2025 жылға дейінгі бағдарламасын дайындауды, қабылдауды тапсырды. Ол не деген сөз? Ол Семей қаласындағы ауыз-су мәселесі, жолдар, көшені жарықтандыру мәселесі, соынмен бірге жылу мәселесі, тұрғын-үй салуларды барлығы осы бағдарлама арқылы шешіледі деген сөз. Бұл бізге үлкен қолдау.

Г. Меңдеева