Ал кандидат Әміржақ Қосановтың астанадағы орталық штабы экологиялық шара ұйымдастырды. Жағалаудағы саябақта тазалық жұмысын жүргізіп, елді қаланы бірге көркейтуге шақырды. Шараға штаб өкілдерінен бөлек ерікті жастар да қатысуда. «Ұлт тағдыры» қозғалысы үміткерінің тұғырнамасын түсіндіру жұмыстары осы шара аясында жүріп жатыр. Насихат парақтары таратылды. Кандидат тұғырнамасындағы саяси бостандық, ұлттық болмыс, жемқорлық, халықшыл экономика тақырыптары кеңінен түсіндірілуде. Қосанов, әсіресе, әлеуметтік желіде белсенді.
Айкерім ОТАРБАЕВА, ЕРІКТІ:
Саябаққа келу арқылы біз агитациялық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Әміржан Қосановтың жалпы программасымен таныстыру сияқты жұмыстар жасап жатырмыз. Сонымен қоса ауладағы қоқыстарды жинау арқылы біз экологиялық аспектігің қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келеді адамдарға.
Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ, Ә. ҚОСАНОВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бірнеше еріктіден құралған топ қазір осы жерді жинап жатырмыз. Соңынан жинап шығамыз. Осы жердегі адамдармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Бұған дейін де көп жерлерді араладық. Базарлардығ тағы көп жерлерді аралап үгіт-насихат жүргізбен болатынбыз. Әлі де жалғастырамыз.
А. Сейфулла