$494.87 €520.65 ₽4.91
×

А.Таспихов Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
2169
А.Таспихов Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті

Ел бойынша жұмыс берушілер еңбеккерлерге 2 миллиард теңгедей қарыз. Бұл берешектің басым бөлігі іргелі кәсіпорындарға тиесілі. Жұмысшылардың құқығын алдыға қойған президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов Ақтөбе халқымен кездескенде осы мәселені көтерді. Үміткер еңбеккерлер келісімшартта көп нәрсеге мән бермейді, сондықтан іс сотқа жеткенде екінші тараптың жеңісімен аяқталатынын айтты. Бұл жұмысты әрбір кәсіпорындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары салғырт атқармауы тиіс. Қызметкердің де бақылауында болуы қажет. Салдарынан мәселен бюджеттік еңбеккерлер мұнай-газ компанияларындағы қызметкерлерден 11 есеге дейін аз жалақы алады, дейді.  

Аманкелді ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Олай болмау керек.Ұлттық мамандар солардың орнын басу керек.Соған әлдеқашан талап қою керек.Шетелдік мамандарды кіргізбеу керек.Өзіміздің мамандар жеткілікті. Көпшілік жерде жеткілікті бола тұрып әкеліп жатар, басқа жақтан. Ол тіпті ешқандай ақылға сыймайтын нәрсе

Ә. Өмірзақ