Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының көмегімен оралдық мүгедек қыстық отынмен қамтамасыз етілді

AstanaTV
25.10.2017ж. 20:00
3121
«Нұр Отан» партиясының көмегімен оралдық мүгедек қыстық отынмен қамтамасыз етілді

Оралда екінші топтағы мүгедек отбасы қыстан қысылмай шығатын болды. «Нұр Отан» партиясының көмегімен Орал қаласының тұрғыны Виктор Пекшев қыстық отынмен қамтылды. Денсаулығы сыр берген тұрғын қазір бір бөлмелі аядай үйде ұлымен бірге тұрады. Бірақ газ өткізілмеген үйін қыста жылыту қиын. Былтыр қыста қатты қиналған Виктор Пекшев амалы таусылғасын «Нұр Отан» партиясының облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрап келеді. Міскін жанды қабылдаған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Нұрғазы Сәтбаев оған қол ұшын созды. Осылайша көмекке мұқтаж жанға бір қысқа жететін отындық ағашты тегін түсіріп берді.

Виктор Пекшев, Орал қаласының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі:

«Нұр Отан» партиясына, басшыларына мың алғыс! Көмек сұрап барғанымда өтінішімді орындап, екі күннің ішінде отынға қарық қылды. Әйелімнің тапқаны тамаққа кетеді. Өзімнің зейнетақым жеткіліксіз. Ал тегін отын еш жерде жоқ. "Нұр Отанның" көмегі үлкен болды.

Гауһар Шайхыниязова, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалына осы тоғыз айдың көлемінде 3 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Олар негізінен тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жүгінеді. «Нұр Отан» партиясы түскен арыз-шағымдарға және арыз-шағыммен келген адамдарға көмек көрсетуге тырысады.