Негізгі / Жаңалықтар / Павлодар облысында 3 мыңнан аса оқушы жұмысқа қабылданды

Павлодар облысында 3 мыңнан аса оқушы жұмысқа қабылданды

4 сағаттық жұмыс күні. Павлодар облысында мектеп оқушылары түске дейін еңбек етіп, табыс тауып жүр. Бос уақытын тиімді пайдалануды көздеген оқушылар аурухана, шаруа қожалықтары сынды жерлерге жұмысқа орналасқан. Жеткіншектер елді-мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын да жүргізеді. Қазір өңірде 3 мыңнан аса оқушы еңбек жасақтарына жұмысқа тартылыпты. Каникулын пайдалы іске арнаған оқушылармен әріптесім Өзгеріс Қуанар кездесіп қайтты.   

9-сыныпты тәмамдаған Айгерім болашақта анасы секілді дәрігер болуды қалайды. Сондықтан еңбек отрядына жұмысқа қабылданғанда, бірден аурухананы таңдапты. Қазір облыстық ауруханада санитар көмекшісі болып жүр.

Айгерім АСҚАРҚЫЗЫ,10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Санитарлар олар тазалықты сақтау керек. Бірақ, көп санитарлар менің көргенім бойынша олар пациенттерге қарап, көмектеседі. Олардың төсектерін жөндейді. Бірақ, олардың жұмысына келмейді. Маған олардың сондай жақсылықтары, мейірімділіктері ұнады.

Айгерімге жүктелген басты міндет - аурухана тазалығы. Санитармен бірге палаталардағы төсек-жайларды реттеп, шаң тозаңын сүртеді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Мына облыстық ауруханада да 7 бала санитарға көмекші болып жұмысқа қабылданыпты. Оқушылар мұнда таңғы 9-дан түскі 1-ге дейін, яғни күнде 4 сағат еңбек етеді.

15 күндік жұмыс үшін оқушыларға 22 мың теңге айлық төленеді. Жұмысқа бірінші кезекте аз қамтылған және көп балалы отбасындағы жеткіншектер алынған. Қалижан Бекхожин атындағы орта мектеп оқушыларын еңбекпен қамту үшін облыстық ауруханамен жұмыс істеуді әдетке айналдырған.

Майра БОРАНБАЕВА, Қ.БЕКХОЖИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аурухананың жұмысы сондай қиын деп айта алмаймыз. Балаларға өздеріне ұнайды. Өздері қалаулыларымен келіп тұрған балалар. Бұнымен қатар жалғыз осы аурухана емес, бізде 3-емхана бар. 3 емханада 8 бала 15-нен бастап жұмыс бастайын деп жатыр. Сонан кейін еңбек отряды 1 шілдеден бастап жұмыс істейді.

Енді өзге оқушылар шаруа қожалықтары мен елді-мекендерді абаттандыру ісіне де тартылмақ. Еңбек отрядтары шілденің 1-нен өз жұмысын бастайды. Білім басқармасының мәліметінше, биылғы жазда 5 мың оқушы еңбек етпек.

Бағдәулет НҰРМАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі жағдай бойынша 3 266 бала қамтылды. Оның ішінде біз тек ғана бюджеттік қаражат есебінен ғана емес, бюджеттен тыс яғни, кәсіпорындар, шаруа қожалықтары есебінен де қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда қамтылған 3 266 баланың 2 мыңнан астамы бюджет қаражаты есебінен қамтылса, одан бөлек 967 оқушы бюджеттен тыс яғни, кәсіпорындарда қамтылған. Және орманшылықтарда 48 бала жұмыс жасап жатыр.

Айта кетейік, жұмысқа тек 14 жастан асқан жоғары сынып оқушылары алынады. Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, пайдалы іспен шұғылдануға мүмкіндік беру үшін қолға алынған. Тек осы жылы оқушылардың демалысын ұйымдастыруға барлығы 557,8 млн теңге қарастырылыпты.

Ө. Қуанар

https://youtu.be/E-