$474.72 €515.17 ₽5.58
×

БЖЗҚ инвестициялық табысы 500 миллиардқа жуықтаған - Ранкинг

AstanaTV
25.10.2017ж. 20:00
2259
БЖЗҚ инвестициялық табысы 500 миллиардқа жуықтаған - Ранкинг

Қаңтар мен қыркүйек аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы 500 миллирд теңгеге жуықтаған. Бұл туралы Ранкинг сараптамасы шықты. Қыркүйекке дейін зейнетақы жинағының көлемі 7,5 трлн теңгеге жеткен. Кіріс жыл басынан бері 854 млрд теңгеге өскен. Жеке зейнетақы шоты бар салымшылардың саны 10 200 адамға артқан. Осылайша, қорға ақша құятындар 9 миллион 900 адамды құраған. Зейнетақы қорына қаражат міндетті жарна мен инвестициялық табыстан түседі. 9 ай ішінде міндетті жарнадан 524,6 млрд теңге жиналған. Ол шамамен 55 пайызға өсіп отыр. Ал инвестициялық табыс 500 млрд теңгеге жуықтайды.

Келер жылдан бастап Зейнетақы қорындағы қаражатты біруақытта алуға рұқсат жоқ. Үкімет 29-шы қыркүйекте қаулы шығарған. Жаңа есеп бойынша тек 12 минималды зейнетақы соммасынан, яғни 375 мың теңгедан аспайтындар ғана жинақтарын бір мезетте ғана ала алады, деген Ранкинг таратқан мәліметте.