Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бүгін Президент Үкіметте ауыс-түйіс жасады

AstanaTV
13.06.2019ж. 20:00
4874
Бүгін Президент Үкіметте ауыс-түйіс жасады

Бүгін Қазақстан Үкіметіндегі ең жас министр тағайындалды. Күні ертең 37-ге толайын деп отырған Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрі болды. Президенттік қызметке кірісе сала, ауыс-түйісті бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың әкімін де ауыстырып тастады. 41 жастағы Алтай Көлгінов енді бас қаланы басқарады. Бүгінгі тағайындаулар туралы Абай Сейфулланың материалы.

Жоғары билікке жастарды тартамын деген сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен жүзеге асырып жатыр. Елорданы басқаруға келген Алтай Көлгінов 1978 жылы Оңтүстікте, Сарыағашта туған. 2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде болды. Тоқаев оған астанықтарды сөзбен емес, іспен қуант деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

У нас посмотрите, огромные средства выделяется, а на дорогах.. А уже не говорю о проблеме люков. Просто позор. В столице которого мы называем столицу Евразии, люди поподают в люках. То есть надо заняться зимными проблемами. Поменьше разговор, поменьше красивых речей.

Ал Астананы алты ай, Нұр-Сұлтанды 3 ай ғана басқарған Бақыт Сұлтанов әзірге жұмыссыз. Оның қызметі елордадағы әлеуметтік жағдай шиеленісіп тұрған уақытқа тап келді. Сұлтановты бәрінен бұрын көпбалалы аналар жақсы танып үлгерді. Өз фейсбук парақшасында ол халыққа алғыс айтып, жылдам шеше алмаған мәселелері үшін кешірім сұрады. Баспана мен басқа да проблема енді Көлгіновке қалды.

- Мысалы, қазір көріп тұрсаң, барлығына баспана керек, болды басқа ештеме керек емес. Жұмыс өзі тауып алады.

- Халықпен кездесіп, жұртпен кездесіп жұмыс жасау керек. Арыздарын қарап, дұрыстап.

Алтай Көлгіновтың Оралдағы орнын түстен кейін-ақ орынбасары Ғали Есқалиев басып үлгерді. Батыс Қазақстан халқына оны Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Жол салу, жұмыспен қамту мәселелерін шешуді тапсырды. Бастысы - халықпен тіл-табыса біліңдер деді.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ең үлкен мәселе - бұл халықпен дидарласа білу, диалог. Көп нәрседе содан ұтылып жатырмыз.

Ертең 37-ге келетін шенеунік Асхат Аймағамбетовтың туған күніне министр деген атақ "сыйға берілді". Қызмет жолын Қарағандыда ұстаздықпен бастаған. 5 ай бұрын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған еді. Бірақ оның министрлікте тәжірибесі жоқ емес, оған дейін вице-министр болды. Ал ақпанда ғана министр болған Күләш Шәмшидинова күрмеуі көп ведомствода ештеңе істеп үлгермеді.

- Күләш Шағатайқызына алғысымызды білдіреміз.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Әзірге босап қалған шенеуніктердің қайда баратыны белгісіз. Алдағы күндері де біраз ауыз-түйіс болары сөзсіз. Конституция бойынша жаңа Президент атқарушы билікті қайта жасақтайды.

А. Сейфулла