Екі жыл көлемінде Huawei-ге салынған тиымдарды толық жүзеге асыру қажет. АҚШ Конгресі бұл заңның орындаулы маңызды екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Яғни барлық компаниялар осы уақыт көлемінде қытайлық гигантпен ара-қатынасты толық тоқтатуы қажет. Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Трамп үкіметтік агенттіктерге Huawei мен ZTE компанияларының құрылғыларын қолдануға тиым салатын жарлыққа қол қойды.
Ә. Өмірзақ