Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент Тоқаев ШОС саммитіне қатысты

AstanaTV
14.06.2019ж. 20:00
1861
Президент Тоқаев ШОС саммитіне қатысты

ШЫҰ елдері технопарк пен ақпараттық қауіпсіздік орталығының пулын құруы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі сегіздіктің саммитінде осындай ұсыныс айтты. Президент қаржылық тұрақсыздық кезеңінде ұйымның экономикалық әлеуетін барынша пайдалану қажет, дейді. Алғашқы қадам ретінде «Астана хаб» стартаптар орталығында жас айти мамандарының форумын өткізуді ұсынды. Ашықтықты қалыптастырып, Еуразиялық одақпен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясымен, БРИКС ұйымымен серіктес болуды ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан Ауғанстандағы, Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға атсалысуды жалғастыра бермек. Ал экологиялық проблемаларды шешу мақсатында президент әріптестерді Қазақстандағы жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығымен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Соронбай Жәнібеков пен Қытай басшысы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Құттықтауыңызға, жылы сөздеріңізге көп рақмет. Мен Президент қызметіне кіріскенде 3 принциппен жұмыс істейтінімді айттым: ол - сабақтастық, әділдік және даму. Ал біздің сыртқы саясатымыздағы басымдықтың бірі - көрші елдермен, оның ішінде Қытаймен ынтымақтастықтың дамуы болып қала береді. 

Ресей басшысы Владимир Путин өз сөзінде АҚШ ядролық қарудан бас тарту режимін бұзып отыр деді. Пікірінше, бұған Американың Иранмен жасасқан 5+1 шартынан шығуы себеп болды. Кремль қожайыны Дональд Трамптың әрекеті Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақтылығына зиянын тигізеді деп санайды. Ол лаңкестер қолына биологиялық, химиялық қарулардың түсуіне де жол бермеуіміз керек дегенді де айтты. Бішкектегі ШЫҰ саммитіне 11 елдің Президенті қатысып, 20-дан аса құжатқа қол қойылды. Негізгі қорытынды - Бішкек декларациясының қабылдануы болды. Құжатта ұйымның алдағы жұмыс жоспралары көрсетілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектен әрі қарай Душанбеге кетеді.

А. Сейфулла