$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Эпидемиологтар тұрғындарға әлеуметтік экспертиза жасады

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
2338
Эпидемиологтар тұрғындарға әлеуметтік экспертиза жасады

Алматыда жас жеткіншек «тамақтан уланғаннан, есінен танып қалған». Бүгін эпидемиологтар тұрғындар арасында осындай әлеуметтік экспертиза жасады. Олар жұртқа қала көшелерінде сатылатын өнімдерді тұтынбауға кеңес береді. Әсіресе жаз мезгілінде стрит-фуд өнімін алу адам ағзасына зиян дейді. Тақырыпты толығырақ тілші тарқатсын.

- Скорую скорую вызовите. Человеку плохо!

Биыл жаз бастала салысымен дәл осылай тамақтан уланып, ауруханаға жедел жеткізіліп жатқан адам көп. Десе де, жұрт мұндай жәйттардан қанша хабардар болса да, көшеден тамақ алуларын қояр емес дейді мамандар. Сондықтан олар бүгін қала тұрғындары арасында осындай пранк өткізуді ұйғарған.  

Руслан САТЫБАЛДИЕВ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өнімдердің барлығын бірден тексерістен өткізу мүмкін емес. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша тамақтан уланғандар саны күн сайын артып келеді. Бұл тұрғындардың қамсыздығынан, кейбір тамақтану нысандарындағы санитарллық шаралардың сақталмауынан болып жатыр. Әр тұтынушы асты тұтынарда оның бұзылып кетпегендігіне аса мән беруі керек.

Тұрғындарды әсіресе жаз мезгілінде тұрып қалған тамақ пен сапасыз өнімдер ұшынуға әкеліп соғатын көрінеді. Тіпті жеміс-жидек пен көкөністер де қауіпті екен.  

Әнел Мұсаева, ТАУАРЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСҚАРУ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Сырттан тағам алу қазіргі таңда өте қауіпті болып табылады. Әсіресе қала көшелеріндегі дүңгіршіктен өнім тұтыну өміріңізге аса қауіпті. Себебі ол жерден тамақтанып, кейіннен адам өзін нашар сезінсе әлгі ас сатып алған нүктені табу қиынға соғады. Себебі сырттағы өнімдердің көбісі санитарлық сақтық шаралары сақталмастан сатылып жатыр.

Енді эпидемиологтар тұрғындарға ескертуді жиі жасап тұруға кіріскен. Өйткені қалаға күн сайын жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрі әр ауданнан толассыз келіп жатыр. Оның ішінде қос нитратталған қарбыздар мен қауын бар екен.

Ә. Лесбек