$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қызылорда үздік отбасы анықталды

AstanaTV
24.10.2017ж. 20:00
3159
Қызылорда үздік отбасы анықталды

Рухани құндылықтар мен отансүйгіштік, берекелі отбасындағы тәртіпті және талантты балалар. Қызылордада үлгілі отбасын анықтады. Бұл шара «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында ұйымдастырылды. Қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары жоғары интеллект, ұлттық салт-дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды, спорт және өзге де саладағы шеберліктерін паш етті. 10 команданың әрқайсысы барынша күштерін салып, аянбады. Аймақтың үздік отбасы атану - өте жауапты іс, ол оңай да емес. Десе де барлық қатысушылар жоғары деңгейден көріне білді. Ал Ғани Әбжаппаров үшін өз отбасы - ең  тату және берекесі мен бірлігі жарасқан отбасы. Мүны Әбжаппаровтар аудандық конкурста жеңіп шыққанда дәлелдеген.

Ғани Әбжаппаров, Жалағаш ауданының тұрғыны:

Рухани жаңғырудын ең өзекті мәселесі - отбасы. Мемлекет отбасынан басталады, ең бірінші.  Рухани жаңғырудын өзегі ұлттық дәстүрімізді, ең бірінші, салт-санамызды, жаңғырту деп мен білемін. Осы шаралардың кейбіреуге көп септігін тигізеді деп білемін.

Ибадулла Құттықожа, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

"Нұр Отан" партиясы саяси доктринасында отбасы біздің қоғамымыздың рухани құндылықтарын сақтауында аса манызды институты ретінде аталып өткен. Сондықтан да отбасының ынтымағы, береке-бірлігін, олардың рухани құндылықтарын насихаттап, одан әрі дамыту бағытында біздің "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы шаралар өткізіп келе жатыр. Басты мақсат - осы біздің қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, отбасындағы мазмұнның бәрін көпшілікке насихаттау. 

Шарипа Сақтапова