$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Риддерде жылу орталығын жөндеуге қаржы жоқ

AstanaTV
20.06.2019ж. 20:00
2152
Риддерде жылу орталығын жөндеуге қаржы жоқ

Ал Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу орталығын жөндеуге қаржы жоқ. Осының кесірінен қысқа дайындық жұмыстары тоқтап тұр. Мекеме басшысы облыс әкімдігіне мәселені шешуге қол ұшын беруді сұраған. Бұл туралы әкімдікте өткен жиынында белгілі болды. Бұл мәселеге орай орталық мамандарынан бөлек, жергілікті депутаттар мен прокуратура өкілдерінен комиссия жасақталды. Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Оралбеков бізге телефонмен берген сұқбатында, мәселе- шынымен ұшығып тұрғанын жеткізді. Былтыр ақпан айында жылу орталығының меншік иесі өзгерген. Ол генераторды жөндеу шығынын 500 миллион теңге деп көрсеткен. Ал, шын мәнінде оған 5 миллиард теңге қажет деді.

Қайрат ОРАЛБЕКОВ, РИДДЕР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Былтыр ақпан айынан бері жылу орталығын Имашева Олеся Сеиловна басқарады. Ашық дереккөздерде бұл кәсіпорын туралы деректер көрсетілмеген. Бірегей реестрде де жабық күйінде. Жаңа қожайын генераторды жөндеуге қажетті 5 миллиард теңгені төмендетіп, 500 миллион теңге деп көрсеткен. Жағдайдың ушығуына басты себеп - осы. Сондықтан тарифті Министрлікпен келісіп, бір генераторды жөндеу керек. Бірақ мұны орындау оңай емес. Сондықтан жаңа жылыту маусымына дайындық тоқтап тұр.

Айта кетейік, былтырғы қыс Риддер үшін ауыр болды. Жылу қуат орталығы белгіленген температуралық режимді сақтамаған. Бұл кәсіпорын- қала мен «Қазцинк» мекемесіне жылу тарататын жалғыз орталық. Сондықтан жөндеу жұмыстары кестеден қалып қойса, оның салдары- күллі қалаға тиетіні сөзсіз.  

Е. Карин