Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігіне келгеніне - 30 жыл

AstanaTV
20.06.2019ж. 20:00
2204
Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігіне келгеніне - 30 жыл
Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігіне келгеніне 30 жыл толады. Осыған орай оның серіктестері халыққа сіңірген еңбегін тағы еске алды. 1989 жылғы маусымның 22-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы қызметіне кіріскен. Кейінірек елдің тұңғыш президенті болып сайланды. Сол сәттен республикада саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер басталды. Қарулы күштер бас штабының бұрынғы басшысы Бақытжан Ертаев Қазақстанның әлем картасындағы орны Елбасы Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартқаннан кейін айшықталды дейді.

Бақытжан ЕРТАЕВ, ҚР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

Міне, қазір бүкіл әлем қазақстанды біледі. Ол 30 жылдықпен жалғыз Елбасыны емес, бүкіл елді құттықтауға болады. Себебі біз тәуелсіздікке жеттік. Өзіміздің шекарамыз бар. Өзіміздің байрағымыз бар. Міне, өзіміздің кім екенімізді бүкіл әлемге білдірдік. 

Нина ҚАЙЫПОВА, ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТҰҢҒЫШ ТӨРАЙЫМЫ (1991-2005 жж.):

Мен Ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығының директоры кезім. Бізде арнайы жабдықтар аз еді. Сол кезде Елбасы бізге қаржылай көмек көрсетті. Әлі есімде ол кабинеттегі терезеден қарап тұрды да: «Мен осындай мекеменің әрбір облыс орталығында болғанын қалаймын» деген еді. Сол арманы қазір орындалды. 

Д. Қайыртай