Неміс зейнеткерінен тегін дәріс. Алманияның Ганновер қаласының зейнетке шыққан инженері қызылордалық ауыл шаруашылық мамандарына шетелдік техниканын тілін меңгеруді үйретіп жатыр. Үш апталық оқудан соң жергілікті мамандар күріш өндіру зауыттарындағы кез келген құрал-жабдықты шашып, қайта жинауға машықтанбақ.
Өндірістен қол үзбей алған білім, жергілікті мамандардың айтуынша, миға тез қонып, тез игеріліп жатыр. Ыңғайлы, қызықты, түсінікті.
Нұрсұлтан Жабаев, күріш өңдеу зауытының меңгерушісі:
Аз электрэнергиясын жұмсап, көп өнім алу жұмыстарын қалай істеу керектігін - соның барлығын нақты-нақты көрсетіп, үйретіп, жағдай барынша соның бәрін үйретті. Клаус мырза өзінің біліктіліген көрсетіп, бізге керекті үлкен-үлкен жұмыстарын көрсетті схема арқылы да, скайп жүзінде де, проект сызу мақсатында. Бізге мұндай мамандар қажет десем қателеспеймін.
Ал Клаустың айтуынша, әр бір инженер техниканы естіп, жанымен сезінуі тиіс. Жасы жетпістен асқан ақсақалдың Қазақстанға келуіне Алмания үкіметінің өзі сияқты зейнеткерлерге арналған арнайы бағдарламасы септігін тигізеді. Мемлекет қаржыландырып, білікті мамандарын сұраныс түскен елдерге тәжірибесімен бөлісуге, үйретуге жібереді екен.
Клаус - Дитер Кноблаух, зейнеткер (Германия):
Қазақстанға алғаш рет келуім. Біздің, неміс мамандарының біліміне қарағанда, жергілікті мамандардың білімі төмендеу. Сіздердің компанияларыңызда барлығына жауапты бір ғана инженер, ол жан-жақты. Ал Алманияда олар инженер-автоматчик, инженер-электрик, инженер-механик деп сала бойынша бөлінеді. Мысалы, менің кезімде бір құралдың моторы екі реттей істен шықты, мамандар болса осал жерді білмей, әбігерге түсті. Сол жүйені дереу талдап, олар меңгергенше түсіндірдім.
Ғалымдардың пайымынша, ауыл шаруашылық саласы шетелдік мамандардың көмегіне әлі де болса тәуелді. Күріш алқаптарында шетелдік комбайндар, күріш өндеу зауыттарында құрал-жабдықтың барлығы да импорт. Ал бір тиын да төлемей, өздері осылай тегін оқытуға келген мамандарды барынша пайдаланып қалу керек, - дейді қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы.
Серікбай Өмірзақов, Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
Жалпы шетелдік тәжірибе көрсеткендей, олар дайындалған мамандарын тастамай, сол пенсияға шықса да, оларды, мысалы, бізге лекция оқуға, үйретуге жіберіп жатыр. Дәл осы тәжірибені бізге де қабыладауымыз керек. Себебі кеңестік кезеннің мамандары өте мықты. Олардың күшін, тәжіриебесін, білімін әлі де біз пайдалануымыз керек деп мен ойлаймын.
Неміс маманынан отыз жергілікті маман тегін дәріс алып жатыр. Техникалық білімін шыңдаған, замануи технологияларды меңгерген түлектер әрі қарай басқа шаруашылықтардың мамандарын үйтеруге әзір. Әрине, тегін.
Шарипа
САҚТАПОВА