Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ҰБТ: Алғашқы күні 3500 бала шекті деңгейден өтпей қалды

AstanaTV
21.06.2019ж. 20:00
4376
ҰБТ: Алғашқы күні 3500 бала шекті деңгейден өтпей қалды

Ал ҰБТ-ның алғашқы күні ел бойынша 1 ғана бала ең жоғарғы ұпайға қол жеткізді. Бірақ 137 балл жинаған озат оқушының есімін Білім және ғылым министрлігі құпия ұстап отыр. Сынақтың бірінші легіне 12 мыңнан аса түлек қатысса, 3,5 мың бала шекті деңгейден аса алмады. Алғашқы күні қазақ тілінде тест тапсырғандар қатары анағұрлым көп болған. Ведомство гранттар санын да соған сәйкес бөліпті. Бұдан бөлек, ерекше білімді қажет ететін 5 бала ұлттық тестілеуге қатысты. Олар жеке аудитория және арнайы көмекшімен қамтылған. Ал Call-орталыққа 30-дан аса қоңырау түсті. Сұрақтың көпшілігі тамызда өтетін тесілеуге байланысты болған. Айта кетейік, биыл 16-шы рет өткізіліп отырған білім сынағына бұған дейін 1 млн 775 мың түлек қатысқан. 

Әділет ТОЙБАЕВ, ҚР БҒМ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ:

Балаларымыздың арасында көбірек тапсырған пәндер жаратылыстану пәндері болып табылады. Және математика, физика, химия пәндері. Ал қыздардфң арасында биология пәнін таңдағандар көбірек. Ал ҰБТ сұрақтары функционалдық сауаттылыққа, логикалық сұрақтарға арналған. Демек олар жаттанды сұрақтар емес. 

А. Бектас