$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда болашақ криминалистер жаңа технологиялардың көмегімен қылмыстың бетін ашуға үйреніп жатыр

AstanaTV
24.10.2017ж. 20:00
4337
Қарағандыда болашақ криминалистер жаңа технологиялардың көмегімен қылмыстың бетін ашуға үйреніп жатыр

Қарағандыда болашақ криминалистер жаңа технологиялардың көмегімен қылмыстың бетін ашуға үйреніп жатыр. Бүгін тәжірибелі мамандар курсанттарға табан, саусақ іздерін анықтап, биологиялық тест жасайтын заманауи қондырғыларды таныстырды.

Бекболат Найзабеков, Қарағанды облыстық ІІД жедел криминалистика басқармасының бөлім бастығы:

Кілемнің үстіндегі шаң іздері, мысалы. Оларды бұрын анықтау болмаған. Сондықтан қазіргі заманда мынау «Следокоп» деген құрылғы арқылы сондай іздерді анықтаймыз. Және де биологиялық тесттер де бар.

Бұл құралдар қазір ІІД-нің тергеу криминалистикалық оқу орталығында курсанттарға таныстырылып жатыр. Мақсат - екі жыл бұрын ғана қолданыла бастаған жаңа технологияларды жас мамандардың тез меңгеруіне жағдай жасау. Бұл өз кезегінде кез-келген қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізеді,- дейді мамандар. «Следокоп» арнайы пленка арқылы едендегі көзге көрінбейтін табан іздерін анықтай алады. Мұнымен қоса, оқиға орнында қылмыскер қалдырған заттай және биологиялық айғақтарға жылдам тест жасайтын қондырғылар да бар. Криминалистердің айтуынша, құралдар қылмыстық іс жүргізу барысын жеделдетеді. Яғни полицейлер қылмыскер жасырмақ болған «ең құпия» деректі тез арада тауып алуы мүмкін. 

Анель Мұратбайқызы, курсант:

«Мен криминалистика мамандығы бойынша оқып жатырмын. Ең басты мақсат - іздерді айқын табу. Тәжірибелік сабақтан үйренгенім, оқиға орнын қарап, тексеру барысында қан іздерін, сонымен қатар басқа да көптеген іздерді алу болып табылады».

Айжан ҚУАШ