Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атыраулық студенттер көзі көрмейтіндер үшін заттың түсін анықтайтын құрал ойлап тапты

AstanaTV
21.06.2019ж. 20:00
2297
Атыраулық студенттер көзі көрмейтіндер үшін заттың түсін анықтайтын құрал ойлап тапты

Атыраулық студенттер көзі көрмейтіндер үшін заттың түсін анықтап беретін құрал ойлап тапты. Стартап "Нұр Отан" партиясы өткізген IT жобалар арасындағы байқауда жеңіске жетті. Прибордың жарығын затқа түсіргенде оның түсін дауыстап айтады. Биыл ғана мектеп бітірген Евгений мен Сергей өз идеяларын Атырау мемлекеттік университетіндегі айти мектебінде жүзеге асырған. Осыған ұқсас өзге туындылардан артықшылығы - өзіндік құны арзан, дейді авторлар. 

Евгений ТЕН, ЖАС БАҒДАРЛАМАШЫ:

Бұл құрылғы киім таңдағанда көмектеседі. Сондай-ақ киім жуғанда ақ көйлекті қызылға немесе басқа түске бояп алмау үшін қажет. Құрылғының жұмысы аса қиын емес. Басында датчик орналасқан. Мұны патенттеп, өндіріске, көзі нашар көтертін жандар арасында тұрмыста қолданысқа жіберуді жоспарлап отырмыз. 

Әлеуметтік мәселелердің IT шешімі" атты байқауда екінші орынды Талдықорғандық "жазатын принтер", үшінші орынды Өскеменнің "SOS мобильді қосымшасы" ұтып алды. Қосымшаны мүгедек жандар төтенше қызмет шақыруға қолдана алады. Мысалы, жедел жәрдем нөмірін терсе, ол жақта автоматты түрде науқастың мекен-жайы, немен ауыратыны, тағы да басқа мәліметтері көрініп тұрады. Барлық жеңімпаздарға партия атынан ақшалай сыйлық берілді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жарысқа 100-ден аса IT маманы қатысқан. 

Әділ НЫСАНОВ, "IT МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Байқаудың мақсаты - жастар арасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Студенттер, IT орталықта оқитын балалар белсенді қатысты. Негізінен қалалық қолжетімді ортаны жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай туғызуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға басымдық бердік. 

А. Сейфулла