Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Н.Назарбаевтың билікке келгеніне 30 жыл

AstanaTV
22.06.2019ж. 20:00
3231
Н.Назарбаевтың билікке келгеніне 30 жыл

1989 жылғы маусымның 22-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы қызметіне кіріскен. Сосын мемлекеттің президенті болды. Билікке келгеніне 30 жыл толған Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі және серіктестері былай деді:

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Первое - это разваливающаяся экономика, драматический разрыв экономических связей, отсутствие координации в действиях новых появившихся государств. привели к жесточайшей экономической катастрофе. Риск возникновения межэтнических конфликтов тоже стоял перед нами. Мы решали эти невероятно сложные вызовы, о которых я сказал выше.

Мұхтар АЛТЫНБАЕВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, 1996-1999ж, 2001-2007ж. ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Бірінші рет Елбасын мен Москвада анау Кремльдегі съездер сарайы, сол жерде көргенмін. Ол кезде мынау елдер біздің Совет өкіметі ыдырап кеткеннен кейін, СНГ, жаңа елдер туды. Бірақ қарулы күштер сол Совет уақытының қарулы күштері болған. Ол жерде ең ақырғы генералдар жиналысы болған, сол жиналыста өзара біз тіл табыса алмай, білмедік кімге бағынамыз? Совет өкіметі жоқ. Егемен елдер пайда болды. Сосын генералдар ұрысып, ұрысып "Президенттер келсін" - деп талап қойды, сондай. Сол кезде мен кейін білдім, Елбасынан білдім, ол кісілер Киевте болыпты. Басқа Президенттер "біз бармаймыз" - деп қорқып, сол кезде Ельцин ғана, ол енді Ельцин Москва болғаннан кейін ғана келді. Сосын біздің Елбасы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Біз ойлап отырғанбыз, мен бірінші рет Елбасын сол кезде тірідей көріп отырдым, Ельцин сөйлейді ғой деп. Бірақ Ельцин сөйлеген жоқ, Елбасы сөйледі. Елбасы сөйлеп генералдар тынышталып, түгел орнына келіп, түсіндіріп жағдайды. Сол кезде Елбасының ұсынысы бойынша мына СНГ-ның қарулы күштері құрылды. Сол Совет Одағының қарулы күштері сол бойы қалды. Өйткені мұның бір күрделі жағдайы - ядролық қару-жарақ болды ғой. Ядролық қару-жарақты қолданатын "чемоданчик" деген болды ғой. Оның қожайыны жоқ болды, сол кезде. Одан кейін 5 ел осы мына оның бірі Нұрсұлтан Әбішұлы біздің Тұңғыш Президентіміз ядролық қаруды қолдану үшін ол кісімен де ақылдасу керек болатын. Сол кезде бірінші рет көрдім. Сосын 92-ші жылы қайтып келгеннен кейін, май айында өздеріңіз білесіздер, 8-ші май сол күні Елбасы шақырып алып, өзінің Алматыдағы резиденциясында жарлыққа қол қойды. Біздің қарулы күштер сол кезде пайда болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:  

 Елбасының еңбек жолы - ел дамуының жылнамасы. Дүниежүзі қауымдастығы Кеңес Одағының күйреген қалдықтарынан жаңа мемлекеттің қалыптасу жолына куә болды. Сол кезде алып державалардың арасындағы Қазақстанның жарқын келешегіне күмәнмен қарағандар көп болды. Дегенмен Елбасының теңдессіз еңбегінің арқасында мұндай теріс болжамдар орындалған жоқ.

Нина ҚАЙЫПОВА, ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТҰҢҒЫШ ТӨРАЙЫМЫ (1991-2005 жж.):

Мен Ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығының директоры кезім. Бізде арнайы жабдықтар аз еді. Сол кезде Елбасы бізге қаржылай көмек көрсетті. Әлі есімде ол кабинеттегі терезеден қарап тұрды да: «Мен осындай мекеменің әрбір облыс орталығында болғанын қалаймын» деген еді. Сол арманы қазір орындалды.

Эльман НАСИРОВ, ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ол ұлы адам. Біз осы тұлғаның замандасы болғанымызға қуанамыз. Ол сөз алғанда Қазақстанның қандай қиындықтарды бастан өткергенін баяндады. Сондықтан бүгінде Қазақстан жеткен жетістіктің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты. 

Бақытжан ЕРТАЕВ, ҚР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

Біз тәуелсіздікке жеттік. Өзіміздің шекарамыз бар. Өзіміздің байрағымыз бар. Міне, өзіміздің кім екенімізді бүкіл әлемге білдірдік.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Наступает вторая эра машин. Мы видим взрывной рост технологий машинного обучения, исскуственного интеллекта и трансгуманизма. Во - вторых, очередная революция приведет к экономической парадигме в целом. Этот прорыв можно будет сравнить с изобретением двигателя внутреннего сгорания, электричества и компьютерных технологий, каждый из которых стал поворотным моментом в развитии земли.