$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
2293
Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі қауіп тудыратын затты сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс тіркеген. Ведомствоның ресми өкілі Арыстағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұланның 500 жауынгері жіберілгенін мәлімдеді. Министрлік тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырады. Ресми ақпараттарға ғана сүйену қажеттігін ескертеді.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ, РЕСМИ ӨКІЛІ:

ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімі қылмыстық кодекстің 462-ші бабының 1-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Барлық жағдай ІІ органдарының қадағалауында. Оқиға орнынан көшірілгендердің орналасқан жерлерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

А. Бектас