Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

18 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отыр

AstanaTV
24.06.2019ж. 22:00
2405
18 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отыр

18 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отыр. Өйткені құжаттар дұрыс толтырылмаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді. Бүгінгі таңда 277 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала бастаған. Оған 70 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.  

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

1 миллион 333 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр. Берерден бұрын арнайы комиссия жіті тексереді. Құжатты қате толтырып, көмек ала алмағандарды қайта дұрыстап қарайтын боламыз. Жалпы отбасына әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрайды. Егер өткен жылмен салыстырсақ, бұл шамамен 2,5 есе көп.

Сондай-ақ министр атаулы әлеуметтік көмектің тоқтатылатыны жайлы әлеуметтік желіде кең тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Қазір біз атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуды емес, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырып жатырмыз. Әлеуметтік желідегі «сайлау өткен соң бұл көмек түрі тоқтайды екен» деген жалған ақпарат. Біз бюджеттен осы жоба үшін қажетті қаражатты бөлуді жалғастырып отырмыз.

Ә. Өмірзақ